DataLife Engine / Танакөз Толқынқызы (Мені сонша Тәңірге жақындатты...)

Танакөз Толқынқызы (Мені сонша Тәңірге жақындатты...)

Ақтар дағы жанымды жайып... түсін...
Толқын – тағдыр сынайды қайық күшін.
Ғайып құсым, сипайын маңдайыңнан
Сипайыншы... сен оған лайықтысың.

Бар екенсің! Мен соған шүкір дегем.
Сезімімді қайтейін шүпірлеген?
Мен – сен үшін Өлеңмін ең әдемі!
Сен – мен үшін Өмірсің лүпілдеген!

Сен де мендей: Жіберме! Алып қал!- де.
Сүйкімді боп көрінер ғаріп хал де...
Мен сен үшін – мәңгілік сағынышпын
Сен – мен үшін ең соңғы жарық сәуле!

Зарықтырды. Күттірді. Лапылдатты.
Өкіндірді... Өксітті... Мақұлдатты...
Сізге қарай ұмтылған әр сезімім
Мені сонша Тәңірге жақындатты...
26.04.2015
Вернуться назад