DataLife Engine / Ақберен Елгезек (Шегініс)

Ақберен Елгезек (Шегініс)

Өлу деген - ең жеңіл жол,
Өмір сүру қиын бірақ.
Болғың келсе, ертегім бол,
Ажал болу қиындырақ!

Өлгім келсе, жаным шығар,
Жан шығару – қиын емес.
Сүйе білу – бағым шығар,
Шайырға ол бұйым емес.

Сезімсіз күн – өліммен тең,
Керегі не Тәңірсіну?
Сенсіз қалу – тірілгенмен,
Өліп қалып, өмір сүру...
22.04.2015
Вернуться назад