DataLife Engine / Ақберен Елгезек (Махабаттың сәулесі – рухтың жалғыз азығы)

Ақберен Елгезек (Махабаттың сәулесі – рухтың жалғыз азығы)

Тіршіліктің бастауы – махаббаттың шуағы,
Ал, түнектің бастауы – бір жарықтың шырағы.
Махабаттың сәулесі – рухтың жалғыз азығы,
Рухтың жалғыз тірегі – жүрек – сезім тұрағы.

Сағыныш пен ынтығу – махаббатың өксігі,
Кеңістік пен уақытта махабаттың жоқ шегі!
Сезім деген Тәңірдің баға жетпес сыйлығы,
Сенім менен адалдық – сол сезімге оттегі...

Сүйген кезің - өмірдің қайталанбас көктемі,
Тәтті мұңнан нәр алған – көңіліңнің мектебі.
Сүйген адам – сиқыршы, сүйген адам данышпан,
Орындайтын сүйгеннің армандарын Көктегі.

Ең бір ғажап кездерің – сезімге мас кездерің,
Ең бір тозақ кездерің – төзімге қас кездерің
Бәрін мүмкін мұндай да, мұндай ұлы уақытта,
Періштегі сүйкімді ғашық жанның сөздері.
22.04.2015
Вернуться назад