DataLife Engine / Ақберен Елгезек (Оралшы маған қыркүйегім)

Ақберен Елгезек (Оралшы маған қыркүйегім)

Көзімді келіп мұң сүйеді,
Жүрегім тоңар мұз болып?
Оралшы маған қыркүйегім,
Қайтадан қоңыр күз болып!

Жастық шақтың дәуірі от,
Отына қалдым ысталып.
Сен оралшы сәуірім боп,
Көктемде кетпес қыс болып.

Шақырамын дауысым барда,
Тұрсын сезімім назданып.
Жаңбырлы жылы маусымдарда,
Қайтып келерсің жаз болып...
16.04.2015
Вернуться назад