DataLife Engine / Ақберен Елгезек (Түндерімді аңсаймын)

Ақберен Елгезек (Түндерімді аңсаймын)

Отқа оранып көкірек,
Мен кетіп ем, кетіп ең...
Жаным ғана жетімек,
Нұр шашады шетінен.

Бәрі болған...
Тәп-тәтті,
Түндерімді аңсаймын.
Енді міне, қап-қатты,
Жүрегімнен шаршаймын...

Сағынбаймын! Өтірік!
Сағынамын! Бұл шындық!
Өткен күнге өкініп,
Қайда ғана құлшындық?

Болашақ тұр тұп-тұнық,
Онда жоқпыз екеуміз.
Кімге нені ұқтырып,
Қалай от боп кетерміз?

Жүрегімді жібітіп,
Берші тағы, өтінем.
Нұр шашырар...үмітім...
Жетім жанның шетінен...
16.04.2015
Вернуться назад