DataLife Engine / Бекболат Тілеухан (Қазақтың маңдайына біткен арысына арнау)

Бекболат Тілеухан (Қазақтың маңдайына біткен арысына арнау)

Уахабит деп Бекболат Қанайұлы,
Құйып жатыр санаға қалай уды?
Сүннет сүйген иманды азаматтың,
Таухид ұстап жүргені – бар айыбы!

Популист деп Бекболат Қанайұлы,
Қаңқу сөздің бар еді не қайыры?
Ұлшыл адам үндемей қалай тұрсын,
Экраннан көрсетсе анайыны.

Сәләфит деп Бекболат Қанайұлы,
Азаматқа қояйық алаюды.
Ақ жаулықтың жаулары күйдірді оны,
Жарнамалап жалаңаш «жабайыны»?

Мазхабсыз деп Бекболат Қанайұлы,
Құлдың үні, айнала малай үні.
Жар болмаса жаратқан, жалғыз адам
Жаулық салған қорғайды қай аруды?

Құдай сүйген Бекболат Қанайұлы,
Іс атқарды ұлт үшін талай ірі!
Дін ұстаған пендеге жыны ұстаған,
Бұл – құдайсыз қарлардың қара ойыны.

Құбылды деп қаңқуға қалай үні,
Қапаланба қазаққа, Қанайұлы,
«Мұхаммедке ермеңдер, ол – жынды!» –деп,
Сөз таратқан, өзінің ағайыны!

Қанша жерден болса да Абай – Ұлы,
Ішкен жоқ па тірлікте талай уды?
Арыстарын «жау» десе сенген қазақ,
Айыра алмай алтын мен қалайыны.

Айналасы жалақор, маңайы ұры,
Жиылмасын ерімнің тек айылы.
Құлы дінін, қорғасын, Алла құлын
Әссәләму ъәләйкум, Қанайұлы!
03.04.2015
Вернуться назад