DataLife Engine / Мұқағали Мақатаев (Өткінші жаңбыр)

Мұқағали Мақатаев (Өткінші жаңбыр)

Өткінші жаңбыр өрекпіл барып өткенде,
Үздік те создық тырнаның үні жеткенде,
Киіз үйлерге қараймын-дағы бөктерде,
Ырза боламын осы бір ырғын көктемге.
Тау бастарына тамаша бұлттар шөккенде,
Ұшырып бұлтты ескек жел алып кеткенде,
Қараймын-дағы мұрты өсіп қалған көктерге,
Ырза боламын ырыс әкелер көктемге.
Лайсаң болсын, оқыстан кейде қар жаусын,
Абыр да сабыр шаруа қайта қамдансын,
Адамдар, мейлі, алдамшы күнге таңдансын,
Сонда да, көктем, сонда да маған армансың.
Көктемнің күні көңілім менің тәрізді,
Көктемнің аты - көктем ғой, досым, жаны
Бүрін жара алмай бусанып жатқан жусаннан
Шырылдап шығып, бозторғай әне ән үзді...
Апыр-ау, мынау аңсатып жеткен көктем бе?!
Аспан да, жер де, айнала тегіс көкпеңбек.
Толассыз сағым толықсып ағып барады,
Аймалап жерді, аймалап тауды бөктерлеп.
28.03.2015
Вернуться назад