DataLife Engine / Мұқағали Мақатаев (Тура қара көзіме, тура қара)

Мұқағали Мақатаев (Тура қара көзіме, тура қара)

Тура қара көзіме, тура қара,
Ашық айтқан сөзімді бұрмалама.
Ақиқаттың алдында бүгежектеп,
Тағасыз байталдайын сырғанама.

Тірі жансың айлаң бар, шалымың бар,
Көрсетші қанша сенің қарымың бар.
Адалдық, ақиқаттан сомдап соққан,
Тасқа салсам мұқалмас қаруым бар.

Тура қара көзіме, тура қара,
Арамдығың бұғынып тұр ма, бала?!
Қалжысын жеп қуанып, шілде жасап,
Сені де перзентім деп туды–ау Ана...
28.03.2015
Вернуться назад