DataLife Engine / Алмас Темірбай (Депрессия)

Алмас Темірбай (Депрессия)

Ештеңе қызық емес… Ешқандай ой кешпеймін,
Ешқайсысы түсінбейді, ешкіммен сөйлеспеймін!

Ешкімді сағынбаймын, сағынып керегі не?!
Еш кеткен сағынышым, жеткізбей дегеніме…

Ешқашан жазылмайтын жанымның жарасын-ай,
Еш нәрсе өзгермейді, бәрібір, тағы осылай…

Ешбір жан тең келмейтін, тәуелсіз Тәңірім-ай,
Еш уақта ойламаппын, болар деп бәрі бұлай…

Еш жерден табылмайтын Бақытты аңсадым ба?!
Ешқайда апармайтын жол жүріп шаршадым ба?!

Білмеймін…
02.12.2014
Вернуться назад