DataLife Engine / Мәриям Хакімжанова (Майға)

Мәриям Хакімжанова (Майға)

Майдың күні,
- Майдан күні,
Майдан күшін сынайтын.
Майдың үні,
Майдан үні,
Майданда жау жылайтын.
Майдың ері,
- Майдан ері,
Мәңгі бойы талмайтын.
Күшіне - күш,
Ісіне - іс,
Екпінге - екпін қарайтын.
Майда екпін,
Майданда екпін,
Екпіндеген С С С Р
Екпін күшпен,
Екпінді істен,
Туды тулап жаңа жыр.
Ел де жаңа,
Жер де жаңа,
Жаңаланған еңбекші ел.
Елді, жерді,
Өңдірісті,
Жаңалаған миллионер.
Майда жарыс,
Майдан жарыс,
Майдан тасқан көп табыс.
Табыс тапқан,
Тасқындатқан,
Мың -миллион көп жарыс.
Майда - ұран,
Майданда - ұран,
Ұрандаған пролетар.
Калт - құлт еткен,
Кейін кеткен,
Дағдарыстан капитал.
Майдың туы,
- Майдан туы,
Құрыш қолда тұратын.
Майдағы алып,
Майданда алып,
Социализм құратын.
29.11.2014
Вернуться назад