DataLife Engine / Мәриям Хакімжанова (Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып)

Мәриям Хакімжанова (Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып)

Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып,
Балаларға табам ба деп қысқы азық.
Жарылып екі қолым күс болып кетті,
Неден ғана қарғалдым, неден жазық?
Түнде жатам сыртында балағанның,
Көремін деп жұлдыздың қарағанын.
Кан түкіріп жүрсем де кажымаймын,
Аржанойдың кертіп жеп кара нанын.
Он күн істеп, төрт капшық картоп алдым,
Көңілімді бір демдеп үйге бардым.
Балаларым куанды пісіріп жеп,
Қиналғанына ризамын шыбын жанның.
01.12.2014
Вернуться назад