DataLife Engine / Мәриям Хакімжанова (Отаным)

Мәриям Хакімжанова (Отаным)

Отаным менің СССР,
Алуан ұлттан құралған.
Төрт бұрышынан дүниенің,
Леппен тартып сыр алған.
Қараңғы калған халықты,
Ақ алмастай суарған.
Бәйтеректер гүл жарды,
Тамыры кеуіп, қуарған.
Отанымның қалалары,
Отты жүрек, нұр алған.
Отанымның далалары,
Дән мен кеннен түр алған.
Ол Отанның құрылысын,
Ол Отанның тұрмысын.
Жан аямай қорғаймыз,
Жарақтанып жау келсе.
Дауылдатып дау келсе,
Даурығушы болмаймыз.
Ақылмен тұсап торлаймыз,
Партиясын Лениннің.
Саясатын елімнің,
Бір ауыздан қолдаймыз!
Жарысайық, кел, достар,
Социализм жолында.
Бесжылдықтың міңдетін,
Бір кісідей орьнда.
Еңбекші әйел ерінбе,
Сен жеңесің, тегінде,
Қорықпа, тайма, қорынба!
29.11.2014
Вернуться назад