DataLife Engine / Алмас Темірбай (Он үшінші хат)

Алмас Темірбай (Он үшінші хат)

Хат жазып қойып ем тағы бір,
Қалтамда әлі жүр...
Ешкімге көрсеткен жоқпын мен,
Ешқайда бармайды ол, бәрібір...

Сен оны күтпеші, күтпеші,
Хатпенен, бәрі де бітті, осы!
Жаныңа батарын, білем мен,
Ең соңғы сөйлемнің нүктесі...

Мен сені, сен оны жылатып,
Сен мені, мен оны жұбатып.
Өзгертпес дүниені мына хат,
Өндірмес сірә, түк!

Жырттым да тастадым,
Өкініп өмірге қас қағым.
…Жіберіп қайтемін бұл хатты,
Жүрегін ауыртып басқаның…
28.11.2014
Вернуться назад