DataLife Engine / Шілдехана - бесік той

Шілдехана - бесік той

Қайта оралды қазағымның бүгін дәстүрлері ай
Көптен күткен халқымыздың асыл арманы еді ай
Берекелі қазақ жері ол мерекелі
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі

Қайырмасы:
Шілдехана бесік той, тұсау кесу сүндет той ай шіркін ай
Құда түсу сырға салу беташарың ай
Алты бақан аясында сұлу бойжеткен
Қыз-бозбала кең далада ән мен күйді тербеткен

Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден
Қыз балаға жарасады алқа,шашпау,сәукеле
Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын
Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін!

Қайырмасы:
Шілдехана бесік той, тұсау кесу сүндет той ай шіркін ай
Құда түсу сырға салу беташарың ай
Алты бақан аясында сұлу бойжеткен
Қыз-бозбала кең далада ән мен күйді тербеткен

01.05.2019
Вернуться назад