DataLife Engine / Мағжан Жұмабаев (Қарағым)

Мағжан Жұмабаев (Қарағым)

Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңiл берме.
Оқымай ойын қуған балаларға.
Жолама, шақырса да қасына ерме!
Кiдiрме, аяңдама, алға ұмтыл,
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме.
"Қарманған қарап қалмас!" - деген рас сөз,
Тоқтамай iсте болсаң батып терге.
Жасынан оқу оқып, өнер қуған.
Жан жетпес көңiлi жүйрiк кемеңгерге.
Бiлiмсiз, құр қалтақтап жүргенменен,
Ерте өлген,көмiлулi қара жерге.
06.07.2015
Вернуться назад