DataLife Engine / Қырсық қыз

Қырсық қыз

Өзгеден сені артық бағаладым,
Жүректі жаншыладың, жараладың?
Сезімімді ақтарып ем,аңғал басым
Сен оған мән беріп те қарамадың.

Жүрегім сені көріп тыншымады.
Мендік көңіл өзіңе құлшынады.
Сені ойлаумен әр таңды атырамын
Бар ойым,"қырсығым"деп қымсынады.

Сені сүйіп қалам деп ойламаппын,
Не үшин деп,түңіліп,ойға баттым.
Сенің әсем бейнеңнен қуат алып
Жанарыммен жаныңды аймалаппын.

Суйгениме,сенбегендей жалғызым,
Махаббатым,мармеладым бармысың.
Тағдырым-ау, сыйлар болсаң,сұлуды
"Қырсықты"бер,қәйтейін мен хор қызын.

(с) Жиналған Назарбай
16.11.2014
Вернуться назад