DataLife Engine / Мен жастарға сенемін - Мағжан Жұмабаев

Мен жастарға сенемін - Мағжан Жұмабаев

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!


Басты кейіпкер – АІВА нұсқасы бойынша «Үздік боксшы - 2014» атанған, әлем чемпионы Данияр Елеусінов. Данияр өзін сомдайды, яғни өзінің адамгершілік қағидаларын нық ұстанатын, өмір қиындықтарынан қабырғасы қайыспай өткен, қарапайым әрі жігерлі жігіт.

Берік Сабыржановтың орындауында Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!» өлеңі оқылып тұрады. Ел тарихындағы тығырыққа тірелген тұста айтылған ақын сөздерінің жаңғырығы біздің заманға жетіп тұрғандай.

01.05.2019
Вернуться назад