DataLife Engine / Қасым Аманжолов (Күндей шалқып күлгенің)

Қасым Аманжолов (Күндей шалқып күлгенің)

Күндей шалқып күлгенің —
Шаттығыңның нұры ғой;
Шат боп өмір сүргенің
Заманыңның сыры ғой.

Сенің нұрлы жүзіңнен
Көрем бақытты өмірді;
Сенің әрбір сөзіңнен
Күй естілер көңілді.

Сол себепті мен саған
Ғашықтайын құмартам,
Жүрегімнен, жамымнан
Жыр жазамын, сыр айтам.

Күндей шалқып күле бер,
Ақ маңдайлы алма жүз,
Саған сірә тең келер
Жер жаһанда бар ма қыз!
05.11.2014
Вернуться назад