DataLife Engine / Қадыр Мырза Әли (Мамыр)

Қадыр Мырза Әли (Мамыр)

Адам үшін жұбаныш
Мамыр келді шуақты.
Күннің ішін қуаныш
Кернеп тұрған сияқты.

Ақ арманы көктемнің
Мамыр келді шуақты.
Іздегенін көктен Күн
Жерден тапқан сияқты.

Ала-бөтен сәндігің,
Мамыр-майым шуақты.
Табиғаттың дәл бүгін
Туған күні сияқты.

Әрі сұлу, әрі игі
Мамыр-майым шуақты:
Он бір ұлы бар үйдің
Жалғыз қызы сияқты!
02.11.2014
Вернуться назад