DataLife Engine / Әбу Насыр Әл-Фараби (Қашықтасың)

Әбу Насыр Әл-Фараби (Қашықтасың)

Қашықтасың туған жер - қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен.
Қанатым талды менің,
Шаңқыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.

Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке куллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түнереді.

Кайтейін мен көкжиек кеңдгімді.
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым.

Бір шөлмекте көк сия толып турса,
Екіншіде - шарап бар жайы мәлім.
Даналыкты сиямен толықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын.

Әл-Фараби өлеңдері жинағы

08.10.2014
Вернуться назад