DataLife Engine / 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаз деген....)

5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаз деген....)

Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген - жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол - бар болғаны ма мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген - шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.
Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.....
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.
13.09.2014
Вернуться назад