DataLife Engine / Естеу Нүсіпбеков (Тіл маманы)

Естеу Нүсіпбеков (Тіл маманы)

Тіл маманы бірі едім торығулы,
Түйтіңдеген үмітсіз, зорығулы.
Ашылды өріс, алдымнан кеңістіктер,
Доғарайын қысылып қорынуды.

Көтерейін еңсемді төмендетпей,
Көк дөненім терін ап, көбеңдетпей.
«Өнер алды — қызыл тіл» деп кесеткен,
Ата сөзі арнасын бөгендетпей.

Түрінейін балтырды жарысуға,
Сыбанайын білекті алысуға.
Арбамды да нарымды дайындайын,
Тіл көшінің жүктерін салысуға.

Тілдің туын ұстайын біиктетіп,
Жырын жырлап, әнін сап сүйікті етіп.
Оқ қағар боп қорғайын қауіп төнсе,
От шарпыса өтінде күйіп кетіп.

Қорынайын несіне қорғанайын?!
Туған заман бұл нағыз оңнан айым.
Тілім — ұлтым қорғаны,
Тілім үшін
Ақыл, қайрат тең тұтып толғанайын.
12.06.2014
Вернуться назад