DataLife Engine / Естеу Нүсіпбеков (Жүрмін-ау жүрек жара қуана алмай)

Естеу Нүсіпбеков (Жүрмін-ау жүрек жара қуана алмай)

Жүрмін-ау жүрек жара қуана алмай,
Ел танып еңбегімді – жұбана алмай.
Дөп сыйлап артық-кемсіз сыбағамды,
Бір тосын бақыт күнім туа қалмай.

Аз болмай арман-қырғи алысары,
Ой биік самғар еді алыс, ары…
Бесінші белесімде тағдыр таптым
Анда да, мұнда да емес,
Әрі-сәрі.

Құр қолмын еленуден, атақтан да,
Даңғаза дау-дабыра шатақтан да.
Отырмын тұлдай ұстап талант атын
Бестідей таң асырған матап таңға.

Кеш қалдым
Жүйіріктермен жарыса алмай,
Алысар кезде жөндеп алыса алмай.
Ақ шаңқан бәйге емес деп сөкпе, жұртым,
Өнерді сыйлаушы едім Намыс, Ардай.
12.06.2014
Вернуться назад