DataLife Engine / Естеу Нүсіпбеков (Арқаның суық бораны)

Естеу Нүсіпбеков (Арқаның суық бораны)

Арқаның суық бораны
Арқадан өтіп барады.
Алда тұр қарға малтығып,
Азынап құрбан алаңы.

Жібімей қатқан мұздары,
Қайтпапты қыстың ызғары.
Қариды іште өзекті,
Қосылып тарих ызбары.

Тіріліп түгел құрбандар,
Орнынан өре тұрғандай.
Әруақтың бәрі қолдасып,
Біздерге бетін бұрғандай…

…Шәкәрім әлде Міржақып,
Білдіріп ашық ризалық,
Құйып тұр Алаш көгіне,
«Нұрнама» оқып Нұр Жарық…
12.06.2014
Вернуться назад