DataLife Engine / Естеу Нүсіпбеков (Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене)

Естеу Нүсіпбеков (Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене)

Ақ тер-көк тер астымда көлік-дене!
Кешірмедің басыңнан өмірде не?!
Арқалатпай ертоқым орта жолда,
Өткелектің шығардың өріне де.

Ақ тер-көк тер астымда дене — көлік!
Қажыр қайрап қайратқа бердің ерік.
Нәпсі-даққа жанымды тоттандырмай,
Жеткенімше жетпіске болдың серік.

Енді қанша шыдайсың асу, белге?
Көбейтем бе өлең-жыр шашуды елге?
Алғанынша жанымды Жәбірейіл,
Қайран тәнім, қажыма, жасу көрме!
12.06.2014
Вернуться назад