DataLife Engine / Естеу Нүсіпбеков (Ақылымды “әй” дерім)

Естеу Нүсіпбеков (Ақылымды “әй” дерім)

Ақылымды “әй” дерім,
Сезімімде “қой” дерім -
Бірім-Барым болмаса,
Мұсылманмын қай жерім?!

Ақылыма арыз көп,
Өтелмеген қарыз көп.
Өмір бойғы бес намаз
Мойында тұр парыз боп.

Көбейтсем де күнәмді,
Ешкімге артпан кінәмді.
Үкілеймін ісімді,
Бір Аллаға ұнамды.
12.06.2014
Вернуться назад