DataLife Engine / Естеу Нүсіпбеков (Байқа, қартым, қасыңда қастасың жүр)

Естеу Нүсіпбеков (Байқа, қартым, қасыңда қастасың жүр)

Байқа, қартым, қасыңда қастасың жүр,
Ауысқанын есептеп бастасың жүр.
Қызыл итін үрдіріп қызғандырма,
Қазанында қара су таспасын құр.

Күледі олар, — көбейсе арпа көжең,
Күндейді олар, — қазы мен қарта жесең.
Жай табады жандары, — өздерінше
Мылжыңдаймын, ойнаймын карта десең.

Артта қалма, алға озба, дабырмен бол,
Айғайға аттан қоспай-ақ, сабырмен бол.
Мысың толық баспаса басқаларды, —
Зорлығы озған соларды-ақ қабылда зор.
12.06.2014
Вернуться назад