DataLife Engine / Естеу Нүсіпбеков (Қам көңіл, қам сүт емген пендемін ғой)

Естеу Нүсіпбеков (Қам көңіл, қам сүт емген пендемін ғой)

Қам көңіл, қам сүт емген пендемін ғой,
Тәлімсу, тәйтіктіктен кендемін ғой.
Сойқанды сүрең күнді, сұрапылды
Тіпе-тік белдеспей де жеңгемін ғой.

Кім білсін?
Алғы күндер не береді?
Бәйгі атым әлде көкпар өңгереді.
Жел қуып жеткізбейтін әңгелегі
Тәрізді қуалатар әлденені.

Әлде сай, әлде дөңде домалатар,
Арбамның қаусап қирап дөңгелегі.
Мәреге әлде алқынбай жетермін де,
Құлаққа әлдеқайдан ән келеді…

Кімге мен өкпелеймін кендемін деп,
Кімге мен тәлімсимын пендемін деп.
Кімге мен төресінем дөңдемін деп,
Кімге мен бәлсінемін демдегін деп.

Қисын жоқ өкпелеуге өзгелерге,
Қисын жоқ мақтангөйлеп сөзденерге.
Үзеңгі тебінемін тез желерге,
Бір Құдай бұйырғанын көз көрер де.
Әркім өз ойлағанын жөн көрер де,
Жол түзер еңбек, ынтаң жөнделерге.
20.06.2014
Вернуться назад