DataLife Engine / Дулат Бабатайұлы (О, Барақ жас, Барақ жас)

Дулат Бабатайұлы (О, Барақ жас, Барақ жас)

О, Барақ жас, Барақ жас,
Жегенге тоқ, ішсең мас.
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас.
Қасқыр тартып қан шықса,
Жаман ит жұлып жей берер,
Алды - артына қарамас.
Жақсы иттің белгісі,
Жұлмақ түгіл, жоламас,
Азғын елдің бектері
Қан шықса, елін жұлмалар
Қасқырмененаралас.
Қазіргі қазақ ұлығы,
Жаман иттен несі кем.
Жемтік көрсе, қан көрсе,
Айрылар мүлде есінен.
Сендер атқа мінген соң,
Тандыр болып суалды
Шалқар көлдей несібем.
Әбілпейізарғы атаң
Алтын тұғыр сұңқар - ды,
Еріктіріп батырын
Қунатып еді тұлпарды.
Тұсыңда сенің, хан Барақ,
Азулы бейне аң Барақ,
Содырлы, сойқан төлеңгүт
Елге қарап анталап,
Ашынғанда таптады,
Ел етегіне қымтарды.
Алтын еді бір күнде,
Ағаш болды тұғырың.
Тиюсыз тентек төлеңгүт
Шығарды елдің ұрлықпен
Дығыры мен ығырын.
Алалға қарсы хан болдың,
Тентекті сүйеп неғұрлым,
Азған сені көргенде,
Қайнайды менің зығырым.
Өгізді бөлдің жегілген,
Арамдыққа егілген
Айдайтұғын шығырын.
Құрық бердің ұрыға,
Момынды алдың қырыңа,
Малсыздарды таптадың,
Малдыларды жақтадың.
Тентекті жақсап қақпадың,
Өсекшіні мақтадың,
Арамдық болдыбаққаның.
Қашан сенің ашылар,
Момындарға құрылған
Қанды қара қақпаның?
Қараңғысыз ел мен жұрт,
Төрелік түскен дағыңа,
Ие болмай айрылдың
Атаңның алтын тағынан.
Қара толқын жау толды
Шығыс, батыс жағыңа.
Тұлпардан туған тұқым ең,
Ере алмадың жабыға.
Етегін ашып кім күлмес
Азғындаған шағыңа?
Алдыңа келсе жүгініс,
Қарамай қара, ағына,
Алалды сатып параға,
Болыстың арам жағына.
Рухына нәлет келтірдің,
Қабың менен сабаңа.
Бұзықты құрап ел етіп,
Қондырдың оң жағыңа.
Ұрыңа елді торытып,
Өтірікдауды қорытып,
Бүлдіре бер тағы да...
07.06.2014
Вернуться назад