DataLife Engine / Cәбит Мұқанов (Поэзия маршалы)

Cәбит Мұқанов (Поэзия маршалы)

Тоқтат,
Дүние,
Дабырды!
Не керек,
Көңіл
Ескі оймен
Тыңдайық жаңа дабылды
Жолдас
Маяковскийден.
Поэзия маршалын
Көрдің бе,
Қызыл Алаңда?
Поэзия полкына
Бергелі шықты команда.
Тыңда,
Даусын,
Дүние!
Деді,
Әне,
«Бір, екі, үші!»
Бар емес пе,
Даусында
Зеңбіректен
Артық күш?
Ораған сөзі
Жер шарын
Емес пе,
Ұшқыр -
Найзағай?
Әр дыбысы
Дұшпанды
Түйремей ме найзадай?
Сол дауыстай
Бар ма
Екпін
Теңіздерде тасыған?
Ырғағы аттап өтпей ме
Заманнан,
Дәуір
Ғасырдан?
Революцияның
Айқайшы -
Үгітшісін
Тыңда,
Жұрт!
Маршалға
Біз де
Берейік
Жорықтан
Бір
Рапорт:
Орындадық
Сен берген
Бұйрықты -
«Нық,
Алға бар!»
Жаншылды жолда жыландай
Жылмаңдаған
Бандалар.
Сен
Бастаған полктың
Кім шықпақшы
Алдына!
Қудық поэзиядан
Пайдашыл
Спекулянттарды да.
Оқтай
Тығыз тізіліп
Бұзбады полкың
Қатарын.
Судан таза.
Күннен зор
Ұстады
«Ақын»
Атағын.
Сен
«Маршыңда»
Айтқан сөз
Ақындардың, аузында.
Бейбітте - қалам,
Соғыста -
Сөз берілді
Маузерға.
Поэзия полкынын,
Үйінде де
Түзінде
Бірақ ой,-
Ол -
Үгіттеу
Халықты -
Коммунизмге.
Компартия маңына,
Ақындар,
Сен жинаған.
Алды нұсқау
өзіңнен,
ЦК-дан,
Политбюродан.
Партия мен үкімет
Тапсырмасын
Орындап.
Жанына
«Адам инженер»-
Деген,
Ақын
Алды ат.
Дұшпанға - дауыл,
Досқа - жаз,
Дауысыңды
Халқың аңсады.
Ал,
Мен болдым,
Сөйлесін
Поэзия маршалы!
03.06.2014
Вернуться назад