DataLife Engine / Cәбит Мұқанов (Газеттің досы - тілшілер)

Cәбит Мұқанов (Газеттің досы - тілшілер)

Кедейдің соғып сойылын,
Кедейдің тілеп тойымын,
Ойлайтын қамын тереңнен,
Газеттің досы - тілшілер.
Ұямен қол ұстасып,
Кедейдің көшін бастасып,
Байсалды жерге жөнелген
Газеттің досы - тілшілер.
Бұзықтармен күресіп,
Талайын түйреп түгесіп,
Кауіптен қорықпай түнерген
Газеттің досы - тілшілер.
Шаруаға көз болып,
Қисық іске тез болып,
Игілікке бастайтын -
Газеттің досы - тілшілер.
Бітірер ісі енімді.
Еңбекке жегіп өмірді,
Еңбектен тайып қашпайтын
Газеттің досы - тілшілер.
28.05.2014
Вернуться назад