DataLife Engine / Cәбит Мұқанов (Жазғы таң)

Cәбит Мұқанов (Жазғы таң)

Қараңғылық серпіліп,
Бозамық боп атар таң,
Бірен-саран адақтап,
Калады жымың жұлдыздан.
Түрлене түнге қош айтып,
Күлімдеп толқып тұр Шолпан.
Жерге түскен бу мен шық,
Көтеріліп кекке ұшқан...
Бозарған енді сарғайды,
Айырғысыз боп алтыннан.
Көлде құстар оянып,
Косылысып салды ән.
Бозторғай шырлап аспанда,
Тауықтар да шақырған.
Өріске кетіп барады,
Сиыр, қойлар неше сан.
Шыққа тойған шөптердің,
Кұлпыруы орасан.
Күндіз алыс әрнәрсе,
Көз алдыңда санасаң,
Дүниенің жұмағы,
Таңертең тұрып қарасаң.
28.05.2014
Вернуться назад