DataLife Engine / Cәбит Мұқанов (Жемісті ағаш)

Cәбит Мұқанов (Жемісті ағаш)

(Конституция күніне)

Суық түсі сұрғылт дала,
Өліктей боп қаны кепкен,
Тұрған кезде,
Октябрьдей
Жасыл желек туды көктем.
Ұлы Ленин бас бақшашы,
Сол далаға қазды арық,
Ленинизм бұлағынан
Кепкен дала сусынданып.
Гүлдер жайнап, сағым ойнап,
Жер құлпырды бейне бүліс.
Өсті егін:мақта, кендір,
Қауын, бидай, сұлы, күріш.
Бал бұлақтан сусындатып
Шығымы бай егісті,
Екті совет бір ағашты,
Бұтағы бай жемісті.
Бұл ағаштың етегінде,
Эверестер1- төбешік,
Ұшар басын ұялаған,
Күнменен тұр кеңесіп.
Жасыл желек бұтақтары,
Бір жүз жетпіс миллион,
Саясында сайрандайды
Алтыдан бір дүние.
Сайрандаған сұлу, көркем,
Бақтың, балғын гүлінен,
Бұтақ басы сайрап бұлбұл,
Бал тамады үнінен.
Тамырлары терең сүңгіп
Тарап жатыр айнала,
Тесіп шығып өспек боп тез,
Тегіс: тау, қыр, сайға да.
Күтуден бір жалықпайды
Бұл ағашын бақшашы.
Күткен сайын жемістейді
Бақшашының бақшасы.
Биігінде бақыттың,
Бұзылмайтын ұясы,
Айтканда атап бұл ағаш -
Советтің Конституциясы.
31.05.2014
Вернуться назад