DataLife Engine / Жұмағали Саин (Біреуге)

Жұмағали Саин (Біреуге)

Көлденеңдеп әр жерден кез келесің,
Сұм ниетпен күнде қырық өзгересің.
Өзің алтын секілді жарқ-жұрқ еткен

Адам алмас өзгені жез кересің.
Тұңғиық ой түбіне бір бармаған.
Өз анаңды сұмдықпен күнде арбаған...
Ішің жауыз... Қап-қара жан жүресің,
Ит екенсің, ежелден ел қарғаған.

* * *

О, Мұсекең, Мұсекең,
Сөзі жарқын кісі екен.
Қола да екен, мыс екен.
Түнде көрер түс екен.
Жылдап қусаң жеткізбес
Сабаз, ұшқыр құс екен.
30.04.2020
Вернуться назад