DataLife Engine / Жұмағали Саин (Бала)

Жұмағали Саин (Бала)

Адамға бала сүю бір қазына,
Секілді өшпес алтын, сөнбес мұра.
Уілдеп күнмен ойнап күлген бөбек.

Өмірдің ұқсамай ма бұлбұлына.
Оралып етегіне былдырлаған
Жүгіріп өзін-өзі құр-құрлаған.

Баланың жат тілі мен қызық даусы,
Естілер ақ күмістей сылдырлаған.
Адамның тек баладан бөлек жаны,

Болмаса бала күні — таң шолпаны.
Ақ маңдай, торсық шеке бал бөбекті!
Бір сүйсе басылмай ма шаршағаны.
30.04.2020
Вернуться назад