DataLife Engine / Жұмағали Саин (Кім болам)

Жұмағали Саин (Кім болам)

Мен ер болам, ер болам,
Ермен ертең тең болам.
Айбыным желдей есілген,
Уытты болам, ер болам.

Мен кішкентай балғын жас,
Алтын таңмен ар ал ас,
Мектепке қадам басамын,
Оқуда алда, істе алда,

Үлгімін барлық ұланға,
Тасамын судай, тасамын.
Ертең, ертең ер жетем,
Ер боламын, күн болам.

Жарқыраған, жайнаған,
Күн нұрымен бір болам.
Елді, Отанды қорғайтын
Қызыл ермен тең болам.

Техниканы меңгерем,
Машинаны бер маған!
Деймін өсіп толғансын,
Стаханов мен болам.
30.04.2020
Вернуться назад