DataLife Engine / Жұмағали Саин (Бір сұлуға)

Жұмағали Саин (Бір сұлуға)

Ей, сұлу қыз,
Сен ащы тұз,
Дәмсіз онсыз махаббат.

Тісің алтын,
Жүзің жалқын
Бейне көзің қарақат.

Ей, сұлу қыз,
Сен ащы тұз,
Етіп жүр ғой келеке.

Бетің қызыл,
Мейлің сызыл,
Болмас сенде береке.
30.04.2020
Вернуться назад