DataLife Engine / Мұқағали Мақатаевқа арнау

Мұқағали Мақатаевқа арнау

Дара тұлға, ақиық ақын, бір өрен,
Жүрегінен ағылып жатыр жыр-өлең.
Өткені оның толы болды азапқа,
Азапқа толы, өмірі оның күйбелең.

"Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?"
Деп жырлады, жас бала, көзі жалын.
Сүйгенменен қанша жерден ол өмірін,
Қатігездік танытады бұл жалғаның.

Жас ақынды елемеді, ескермеді,
Жүрегіне реніш отын себеледі.
Достарынан басқасының назары аумай,
Мұқағали сонда да оған дес бермеді.

Пәк жүрекпен үш бақытын ол жырлады,
Әр бақыттың бар түбінде мың сырлары.
Үш бақытын өмірінің мәні қылып,
Жүрек жарды өлеңдерін бізге арнады.

Қайталанбас ақындығы бұл ғаламда,
Сөз патшасы, гауһар тастай, мол қазына.
Қазақтың жүрегінен мәңгі кетпес,
Ұлы тұлға, бір туатын, жүз ғасырда.

Қаратаева Құралай Жанабайқызы
29.04.2020
Вернуться назад