DataLife Engine / Қайрат Рысқұлбеков (Күнәдан таза басым бар)

Қайрат Рысқұлбеков (Күнәдан таза басым бар)

Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар!

01.05.2019
Вернуться назад