DataLife Engine / Қайрат Рысқұлбеков (Түрме)

Қайрат Рысқұлбеков (Түрме)

Темір тор, жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміріп темір торға қаматқанша,
Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың?!

Ауылда жақсы екен ғой салған әнім,
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін.
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.

Тас төбе, терт қабырға, темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз тесік.
Күніне ұзатары үш тілім нан,
Өлмейтін саған тиер осы несіп.
27.05.2014
Вернуться назад