DataLife Engine / Біржан сал Қожағұлұлы (Көкек)

Біржан сал Қожағұлұлы (Көкек)

Аты жоқ құс болады көкек деген,
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш ұйықтасам, бар ма менің
Айырылып сені, сәулем, кетед деген
Кім сүймес шешек атқан көкек айын,
Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,
Ей, көкек, ұшып барып білші жайын !
Шекеңе селдіретіп айдар тағып,
"Көкек" деп бос жүргенше секең қағып.
Қосайын өле - өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел, ұшып барып.
16.05.2014
Вернуться назад