DataLife Engine / Жаяу Мұса Байжанұлы (Ей, Мұса, мен не қылдым саған, жарқын)

Жаяу Мұса Байжанұлы (Ей, Мұса, мен не қылдым саған, жарқын)

Ей, Мұса, мен не қылдым саған, жарқын,
Күшпенен тоздырдың ғой ауыл халқын.
Бұзауын ауылымның қырып салдың.
Көрерсің не болғанын істің артын.
Мақтанба басыңызда бағыңызда,
Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.
Сізге де сорлы болу қиын емес
Басыңнан бағың тайған шағыңызда.
15.05.2014
Вернуться назад