DataLife Engine / Көрімдік (Қазақ ауыз әдебиеті)

Көрімдік (Қазақ ауыз әдебиеті)

Төрде отырған сыпыра
Жастары үлкен ағалар.
Айттырмай сөзді білетін,
Ақылға артық даналар.
Сіздерге де қуаныш,
Жастары кіші балалар.
Келінді көрген адамнан,
Көрімдік деп мал алар.
Беретінін әр кісі,
Өз үйінде шамалар.
Келініңіз құры емес,
Отқа салып әкелген,
Нәрселері тағы бар.
Көңілі жақсы ағайын
Ашып беріп құттықтап,
Қалағанын және алар.
Алғанменен бергенді,
Көре алмаған ағайын
Сыртынан сөз ғып табалар.
Төрде отырған сыпыра,
Ханы менен падиша,
Келін келді көріңіз,
Осы отырған барынша.
Бәрің бірдей бекзатсын,
Сұрамаймын көрімдік,
Біреуіңнен табылса.
Көрімдік үшін жүрмеңдер,
Бір-біріңе жабыса.
Көрімдікті көп айтып,
Шығыңдар бәрің жарыса.
Бәріңе бірдей айтамын,
Сұрамаймын көрімдік.
Осындай жақсы жерінде,
Мырза, сараң адамды
Ақылменен болар таныса.
Енді, жиен, өзің біл,
Берейін деп бермесең,
Келінің сенің өкпелеп,
Деп жүрмесін мұнысы несі?
Есік жақта тік тұрған
Жастары кіші келіндер,
Келін келді қуаныш.
Ілгерірек келіңдер,
Шығарып берер жанынан
Бергенім менің осы деп.
Берейін деген әйелдер,
Үйімде білер ерім дер.
Сылтау айтып әрбірі
Өкпелімін бұл тойдан,
Беретінім жоқ менің дер.
Алыстан келген әйелдер,
«Берер едім аямай,
Жақында жоқ елім» дер.
Жылжытпалап, кей қатын,
Сабыр қылып тұра тұр,
Берейін саған кейін дер.
Кейін барып сұрасаң,
Қабағын түйіп тыржиып,
Ойнамай жүр менімен,
Мен емес сенің теңің дер.
Қаттырақ айтып сұрасаң,
Жайыңа тұр ұрыспай,
Ақың жоқ менде сенің дер.
Турасын айтып беріңдер,
Көрімдікті беріңдер.
Жастары кіші қайын інісі,
Сіздер түгел қуанар,
Атасы бөлек жай кісі.
Балалардың ішінде
Көрімдікті көп айтар
Ақылға артық сайлысы.
Жалғыз қара болмасын,
Түйе болса боталы,
Аз демей-ақ алар ем.
10.02.2020
Вернуться назад