DataLife Engine / Міржақып Дулатұлы (Балдызға)

Міржақып Дулатұлы (Балдызға)

Жаздым сәлем балдызға,
Мақшұғым сіздей жалғызға.
Жақсыда жаттық болмайды,
Именіп сырын жасырма.
Торда отырып тарықпай,
Талпынады ылашын.
Бидайықты үміт қып,
Созады көкке құлашын.
Көк қауырсын бидайық,
Ержетсе кімге лайық.
Жатсынбайық жақындап,
Пікірін тартып сұрайық.
Отырмын торда жабырқап,
Шығармын ертең жарқырап,
Сұрағыма жауап бер,
Жүріп кетпей салбырап.
12.05.2014
Вернуться назад