DataLife Engine / Жұбату (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жұбату (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өтпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Қияғы бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Шудасы бүтін түйе жоқ,
Кекілі бүтін бие жоқ.
Жанып бітпес көмір жоқ,
Жабырқамас көңіл жоқ.
Батпайтын күн жоқ,
Атпайтын таң жоқ.
Отырсаң ойлап, әлемде
Өлмейтін жан жоқ.
Құс өліп, балапан қалса,
Қияқ қалар.
Ат өліп, құлын қалса,
Тұяқ қалар.
Ата өліп, бала қалса,
Мұрат қалар.
Бала өліп, ата қалса,
Ұят болар.
Арғымақ аттың тұяғы
Сазға басса, жетілер,
Тасқа басса, кетілер.
Жапырақ ұшып желге кетті,
Аққу ұшып көлге кетті.
Ол ешқайда бармайды,
Бәріміз баратын жерге кетті.
09.02.2020
Вернуться назад