DataLife Engine / Алма ағаш тағы гүлдеді (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алма ағаш тағы гүлдеді (Қазақ ауыз әдебиеті)

Көктемде алма бағында,
Қызбен жігіт сырласты.
Бұлбұл сайрап маңында,
Алма ағаштар гүл шашты.

Қайырмасы:
Сайрады бұлбұл,сайрады,
Көктемнің келді айлары.
Қызбен жігіт сырласты,
Алма ағаштар жайнады.

Толқыта шаттық жүректі,
Оқуға кетті сүйгені.
Арада айлар,жыл өтті,
Алма ағаш тағы гүлдеді.

Қайырмасы:
Сайрады бұлбұл,сайрады,
Құлпырды колхоз аймағы.
Оқуға кетті сүйгені,
Алма ағаш тағы жайнады.

Маман боп оқу бітіріп,
еңбекпен қыз кеп ұласты.
Сабағың жерге түсіріп,
Алма ағаш тағы гүл ашты.

Қайырмасы:
Сайрады бұлбұл,сайрады,
Қызу еңбек қайнады.
Екі дос тағы қосылды,
Алма ағаштар жайнады.
08.02.2020
Вернуться назад