DataLife Engine / Әги, қалқаш, Қазиза-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әги, қалқаш, Қазиза-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дәйім менің мінгенім мұз көк ала-ай,
Сала алмас осы әнге бала, әгигәй.

Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,
Арадағы айрылдық сөзге бола, әгигәй.

Әги-әги-әги-гәй,
Әги, қалқаш, Қазиза-ай.

Бір қамшы бар қолымда бұйра сапты-ай,
Сол қамшым бұйра сапты жұртта қапты, әгигәй.

Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,
Қызыл тіл арадағы бұйра сапты, әгигәй.

Әги-әги-әги-гәй,
Әги, қалқаш, Қазиза-ай.
06.02.2020
Вернуться назад