DataLife Engine / Ақ жайқын көл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ жайқын көл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Су ағады арықтан шыр айналып-ей,
Өлмегенге мал бітер бір айналып-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.

Оралыңның барында ойна да күл-ей,
Кім бар, кім жоқ көргенше жыл айналып-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.

Аулым көшіп барады сарымсаққа-ей,
Қой айдаттым базарға алымсаққа-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.

Аулың алыс кеткенде, ей қалқатай-ей,
Шықпайды екен шыбын жан сағынсақ та-ей.

Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.
05.02.2020
Вернуться назад