DataLife Engine / Ақ дариға (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ дариға (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі,
Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі.
Орныңнан әрі отырған, ахау, бермен отыр,
Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі-ай.
Ақ дариға, ілдіргелі-ай.

Қолымда бір қамшым бар бунақтаған,
Бәйгеден екі ат келер ойнақтаған.
Жүрмісің есен-аман, беу қарағым,
Көзіңмен айналайын жайнақтаған.
Ақ дариға, жайнақтаған-ай.
05.02.2020
Вернуться назад