DataLife Engine / Ілияс Жансүгіров (Арман)

Ілияс Жансүгіров (Арман)

Мезгіл бар ма құтылар,
Шынжырлаулы тағдырдан?
Бірақ ой жоқ ұмтылар,
Табылар тағдыр дағдыдан.
Рахымы жоқ шынжырға
Байқамастан шалдырған,
Аяқ, қолы құрсауда,
Зарлауда жүр «балдырған».
Желк-желк еткен жас шалғын
Суық желмен майысып,
Селк-селк еткен болды күн
Көтермей белі қайысып.
Ажарлы, нұрлы ақ балғын
Заманмен тозды сайысып,
Көңіл құрғыр соп-солғын,
Жылдам суып, жай ысып.
02.05.2014
Вернуться назад